Текстов песен в базе: 1 278 222
Сүйіп өтем

Сүйіп өтем

Аллаберген Жақсыбаев

Текст песни

Жанымды жылуымен жайландырып
Сезімнің ләззатына бойды алдырып.
Көлдей кең құшағымда тербетейін
Өзіңді аққуыма айналдырып.
Сүйген жан сүйетінін жасыра ма
Көңілім сен болмасаң ашыла ма?
Әлемнің бар ғажабын айрбастай
Алмаймын сенің бір тал шашыңа да.
Сүйемін сені мәңгі сүйіп өтем
Аялап алақанымда биік етем.
Баға жетпес «Жаным» деген бір сөзің
Тағдырымның маған берген сыйы ма екен?!
Жарқылдап жүрегімнің жасындары
Дауылы махаббаттың басылмады.
Мен барлық ғұмырымды құрбан етем
Бір таңға атқан сенің қасыңдағы.
Поделиться ссылкой:
Короткая ссылка: https://tekstpesni.ru/s/36bC

Тексты других песен исполнителя

© 2017–2025 Тексты песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Связаться
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать и тому подобное.