Текстов песен в базе: 1 278 222
Жүрегімнің алауымен ойнама

Жүрегімнің алауымен ойнама

Аллаберген Жақсыбаев

Текст песни

Сары күз еді ау сол шақта
Ұсынған балын аңсаудың.
Сағыныш басып жүргенде
Сары күзді де қарсы алдым.
Осынау жердің бетінде
Сені ешкім мендей сүйген жоқ.
Сағына күтіп таба алмай
Қаларымды да білгем жоқ.
Ойлама, енді мені көремін деп ойлама.
Ойнама, жүрегімнің алауымен ойнама.
Айнала сары күз бе сағыныш па айнала.
Жай ғана түсіп жатты жапырақтар жай ғана.
Сендегі аңсап жылуды
Сендегі аңсап күлкіні.
Арман да күтіп тұра алмас
Ақ бұлттай көшер бір күні.
Ізімді менің жасырып
Ақ қар да бір күн жауады
Мен сірә сені таппаспын
Әндерім сені табады.
Поделиться ссылкой:
Короткая ссылка: https://tekstpesni.ru/s/36bA

Тексты других песен исполнителя

© 2017–2025 Тексты песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Связаться
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать и тому подобное.