Текстов песен в базе: 1 278 222
Ótkenge ókinishten

Ótkenge ókinishten

Basstau Asumnami Daulet Duyssenbai ft. Zhan Bekov

Текст песни

Жылы ілтифатыңа шомылған кездер-ай,
Ізгі ниет хатыңда оқылған сөздер-ай...
Құр бір түр-сипатыңнан, қолыңнан кезген жайт,
Құрығыр, тек тіл қатуға жоғынан болған безбет-ай.
Естегі ескі ессіз Ержігіттің ермегі емес,
Кешегі кешкі кезде кездесетін кеңкіелес.
Жоқ! Керек емес, мен емес, құр елес,
Сенің Қатынасыңа қарама-қайшылыққа толы егеш.
Айыптылығым (сенің санаңда) - Менің алаңдап,
Айыпты қылық - “Ерек, дарам” деп, Жегіп жағамды,
“Ғайыптық ілім” делік Жаман(ды),
Жігер тасы, Жең шерімді. Теже! Тоқтат! Бұйыр! Тәмәмда!
Құдайым оңда, Ұдайы қолда Бар(ын)ша
Шыдайын онда Жұбайым жолда болса.
Құдайым оңда, Шыдайын онда Бар(ын)ша
Жұбайым жолда! Жұбайым жолда болса.
Қ – сы
Өткенге өкініштен,
Өкпемде өртеп іште.
Өткенге өксігенмен ,
Қайтып келе келе бермейді.
Қ – сы
Батпақты таптап суықта, ұсқынсыз көрініс,
Бізді қосқан сұрғылт күз, жанымды жегідей жеген.
Сыз өткен денеммен келем үнсіз қолымды үрлеп,
Алысып күйбің тірлікпен, мұздады ет жүрек.
Табаным тілініп, тасты таптап, бәрін тастап соңыннаң жүгіріп,
Көрініп бірде сен кенеттен, ғайып болып жоқ, көк жиектен.
Бір мезетте, сен неліктен?! Адастырып мені есімнен,
Жатталып қалып елесің, көзіңмен өбіскен.
Жоқ хат хабар, күтуден сені шаршап,
Келіп қалар деген сеніммен өзімді де, алдап.
Қайтадан айтшы? Қалай саған айта алам, кеттің...
Қара қаладан қара Қарағандыдан.
Жынды дейді мені бәрі, кім?... Әрі кетсің бәрі
Нәрі болдын шабытымның бітпес маған дәрі әлі
Әрі, жүрегім сен деп соғад(-ды) қайтем енді әлі?
Басқамен сен де кетсең де, Бітсе де бізде бәрі...
Поделиться ссылкой:
Короткая ссылка: https://tekstpesni.ru/s/5qzh

Тексты других песен исполнителя

© 2017–2025 Тексты песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Связаться
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать и тому подобное.