Текстов песен в базе: 1 278 222
Ауылымды сағындым

Ауылымды сағындым

RaiM

Текст песни

Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Алло мама қалыңыз қалай
Сіздің Рәкөшіңіз
Басқаларға Райм
Қазір жолда тұрмын
Сол баяғыдай
Иә шын айтамын
Жол тарттым сізге қарай
Әрине әзірлеңіз шәйіңізді сағындым
Ауасын ауылдың
Иісін бауырдың
Сағындым шыны керек сағындым
Иісін бауырдың
Әкеме айтшы мама
Дайындасын жылқыларын
Шауып қайтайықшы
Асып дала қырларын
Далада отырып айтатын
Көп сырларым
Себебші сіздер бүгін
Ерте тұрғаным
Тартылып жүр екен турникке
Әкем салдырған
Фотодан көрдім
Бозарыпты інім балдырған
Шылдыршүмек тентек інім
Күтіп тұрсыншы алдымнан
Мені бүгін
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Уақыт өткенін сеземін
Бірақ миыма кірмепті
Қалай Ілияс қар тазалайтын
Жасқа жетті
Қалайша Диас асау тайларды
Үйретіп жүр
Тіпті жіңішке дауысы
Жуандап кетіпті
Мама үйге кірейік жүр
Сырт аяз
Шәй әзірлеші мама
Сосында кір жайасың
Әке балта қайда
Шәйға дайын болғанша
Ағаш жарып
Ломмен мұз ояйын
Есік алды мұз таяз
Қораға киетін киімім
Ініме шақ болыпты
Мартаның бұзауларымен
Аула толыпты
Айтпақшы әке
Жолшыбай Ербол аға жолықты
Мақтады мен кеше
Теледидардан көріпті
Мама тамағың сол
Баяғы тәтті
Шыны керек шаршадым
Қанша күттім осы сәтті
Бесеуміз отырып
Жоспар құрайық оңашада
Ендігі келінмен
Келемін болашақта
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Поделиться ссылкой:
Короткая ссылка: https://tekstpesni.ru/s/4wHX

Тексты других песен исполнителя

© 2017–2025 Тексты песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Связаться
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать и тому подобное.