Текстов песен в базе: 1 278 328
Махаббат

Махаббат

КешYOU

Текст песни

Өмірде білмес ешбір жан жұмбақ сырын,
Көңілмен үндес, шырқайтын бақыт жырын.
Бар адам армандап тілеп, қалаған
Төгетін бір ғажап нұрын.
Бағынып көнбес, әркімнің жетпес қолы
Бір жанса сөнбес, бұралаң тылсым жолы.
Сағым ба, жоқ әлде алау-жалын ба?
Біз анық білмейміз оны.
Қ-cы:
What is love!
Махаббат деген — көңіл нәрі,
What is love!
Махаббат деген — өмір мәні,
Махаббат деген сезім
Жаныңменен сезін,
Жырлайды ол жүрек сөзін. (loves, loves, loves…)
Жолында жарық беретін шамдай жанған,
Сегіз-ақ әріп, сыйғызған сансыз арман.
«Табам"деп, «құс болып ұшып"барам деп,
Талайдың қанаты талған.
Сезбейсің өзің, кезінде ғашық болған
Таусылып төзіп, қаншама гүлдер солған
Таңымда, сені кездестірген шағымда
Шығарма бақытты қолдан
Қ-cы:
What is love!
Махаббат деген — көңіл нәрі,
What is love!
Махаббат деген — өмір мәні,
Махаббат деген сезім
Жаныңменен сезін,
Жырлайды ол жүрек сөзін… (loves, loves, loves…)
What is love!
Baby don’t hurt me,
Don’t hurt me No more (x2)
Поделиться ссылкой:
Короткая ссылка: https://tekstpesni.ru/s/oxE

Тексты других песен исполнителя

© 2017–2026 Тексты песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Связаться
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать и тому подобное.