Бақыт туралы
Nurbullin
Текст песни
Құс сияқты сезінбейтін қанатын
Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана
Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз, сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал, шынында бақыт үлкен болмайды.
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал, қайғының кішкентайы болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат, жеке тәулік, Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те, Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
© 2017–2025
Тексты
песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать
и тому подобное.