Текстов песен в базе: 1 278 222
Амалым қанша

Амалым қанша

Дәстүр Асылхан

Текст песни

Алыстап менен кеткенің
Қасыма таяу жетпедің
Сүйкімді сұлу ару қыз
Ғашығым сенсің тек менің
Махаббат жырын бал қылып
Өзіңді жүрмін ән қылып
Бақыты болып басқаның
Оралмай кеттің мәңгілік
Амалым қанша амалым
Қия алма сені барамын
Жабырқау мұңлы жанарын
Соңғы рет маған қарадың
Ғашықтық оты лапылдай
Сезімнің сыры басылмай
Көнбеске енді амал жоқ
Жазымыш деген осылай
Сол кеткеннен келмедің
Жүрекке маза бермедің
Өмірдің бұран жолында
Бақыты керек пенденің
Амалым қанша амалым
Қия алма сені барамын
Жабырқау мұңлы жанарын
Соңғы рет маған қарадың
Поделиться ссылкой:
Короткая ссылка: https://tekstpesni.ru/s/i7j

Тексты других песен исполнителя

© 2017–2025 Тексты песен
Все тексты песен на сайте размещены пользователями, редакцией или собраны из открытых источников.
При копировании материалов ссылка на сайт обязательна.
Связаться
Уважаемые обладатели прав на музыку! На сайте не выкладывается музыка, ее нельзя скачать, послушать и тому подобное.